МАШЫҚТАНУ

МАШЫҚТАНУ БАҒДАРЛАМАСЫ PROTELECOM — «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ-мен бірге кәсіпқой бол!

«Қазақтелеком» АҚ-да 3, 4 курс және магистратура студенттеріне арналған PROtelecom кең ауқымды бағдарлама басталды.

«Қазақтелеком» АҚ-мен кәсіпқой бол» — бұл осы бағдарламаға таңдалған ұран және бұл кездейсоқ емес — Қазақстанның көшбасшы телекоммуникациялық операторы еліміздің барлық талантты студенттеріне тәжірибеден өту үшін есігін ашады.

2018 жылы Бағдарлама Алматы мен Астана қалаларындағы 3,4 курс және магистратура студенттеріне бағдарланған, оның ішінде АЭБУ, ҚазҰУ, ALMAU, ХАТУ, Назарбаев Университеті, КИМЭП, ЕҰУ, ҚазҰТЗУ, SDU, ҚБТУ.

4561

Қалай қатысуға болады?

  • Сауалнаманы толтырыңыз: (Анкета).
  • Сауалнаманы электрондық пошта арқылы жіберіңіз — internship@telecom.kz.

Байқаудың іріктеу кезеңдері:
– Өтінімдерді жинау.
– Мәтіндік және графикалық ақпаратты талдау дағдыларын анықтауға арналған кәсіби білімдері мен қабілеттерін тестілеу.
– Сұхбат. Өзін-өзі таныстыру тұсаукесері 1-3 минут (Microsoft Power Point пішімінде) (тақырыбы шектелмейді).
– Welcome тренинг/бағдарлау курсы.
– Қатысу – тәлімгермен жұмыс жасау, дамыту, жеке білім беру траекториясын құру.

Студенттер үшін Қазақтелекомда машықтанудан өту бұл:

  • Ыңғайлы кесте
  • Бос орындар болған жағдайда жұмысқа орналасу мүмкіндігі
  • 1 айдан 4 айға дейін жұмыс істеу
  • Қазақстанның телекоммуникация нарығында көшбасшы компаниядағы жұмыс тәжірибесі
  • Дипломдық жұмысына рецензент табу мүмкіндігі
  • Бизнес ортада нақты жобаларға қатысу мүмкіндігі.

Өтінімдеріңізді күтеміз!